Астанадан ат терлетіп жеткен Омбудсмен Тараздағы түрмелерді тексерді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев облысқа жұмыс сапарымен келіп, №58 бен №59 - түзеу мекемелерін аралап, сотталғандардың жағдайын жіті бақылауға алды.
Алдымен Омбудсмен орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №58 мекеме ге барды. Қазір мұнда 780 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Тексеру барысында тамақ сапасы, медициналық қызмет пен еңбекке тарту мәселелері толық бақылаудан өтті. Бір қызығы — мекеме аумағында арнайы колледж жұмыс істейді. Онда сотталғандар бес бірдей мамандық бойынша білім алып, кейін тұрақты жұмысқа тартылып жатыр.