1 мектепте 68 үйірме жұмыс істейді. Оқушылардың білімі мен біліктілігін шыңдауға сеп болар үйірмелер Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия базасында ұйымдастырылған. Білім ордасында «Үйірмелер әлеміне саяхат» атты «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Онда оқушылар мен ата-аналар әр үйірменің жетістіктерін тамашалап, олардың жұмыс барысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Ашық есік күні аясында оқушылар өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке паш етті. Түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, көрмелер мен мазмұнды таныстырылымдар ұсынылды. Әр үйірме өз бағытын ерекше дайындықпен таныстырып, балалардың ізденісі мен таланты көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.