Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлау тәжірибесі жалғасуда. Жамбыл ауданына қарасты Ерназар ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.

Округтегі №178 сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауларын жасап, дауыс беруге белсенді қатысты. Ерназарда жалпы халық саны 1531 адамды құрайды. Оның ішінде 875 тұрғын сайлаушы ретінде тіркелген. Тұрғындар 3 үміткердің арасынан өз таңдауларын жасады. Айта кетейік, биыл ауданда жалпы 4 ауылдық округте әкім сайлауын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Тоғызтарау және Ерназар ауылдық округтерінде сайлау науқаны өтті. Алдағы уақытта Қызылқайнар және Бесағаш ауылдық округтерінде де ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылады.