Жаңатаста жағымды жаңалық! Отбасы күні қарсаңында тұрғындар үшін қуанышты күн болды. Анығын айтқанда Жаңатас қаласындағы 6-шағынаудандағы №11/3 тұрғын үй пайдалануға берілсе, көп ұзамай қайта жаңғыртудан өткен 1-шағынаудандағы №45 тұрғын үйдің де ашылу салтанаты өтті. Осылайша мереке қарсаңында ондаған отбасы баспаналы болды.

Салтанатты шараға аудан әкімі тұрғындарды қоныстоймен құттықтады. Өз сөзінде халықтың әл-ауқатын арттыру, әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп жылдан бері баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.