Шу ауданы әкімінің бастамасымен аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдері «Шэнтай биотек» жүгеріні терең өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Сонымен қатар делегация «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан ірі индустриялық жобаларды аралап көрді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының ел экономикасына инвестиция тарту, терең өңдеуді дамыту және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларының Жамбыл облысында жүйелі түрде іске асып жатқаны айтылды. Өңірде өндіріс орындарын ашу мен жаңа жобаларды қолға алу бағытында нақты нәтижелер қалыптасып келеді.