Таразда жеңіс күніне арналған спартакиада өтті. Дәстүрлі спорттық шараға Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданынан келген ардагерлер қатысты. Қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат және волейбол секілді спорт түрлерінен сынға түсті.
Жарыс барысында ардагерлер тек спорттық шеберліктерін ғана емес, өмірге деген белсенді ұстанымдарын, мықты рухын және салауатты өмір салтын насихаттауға деген ынталарын көрсетті. Қатысушылар үшін бұл шара емен-жарқын жүздесіп, естеліктермен бөлісуге әрі ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді еске алуға мүмкіндік берді.