Жаңатаста жаңа спорт кешені пайдалнуға берілді. Аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында салынған жаңа нысан бірнеше спорт түрін қатар дамытуға мүмкіндік береді. Кешеннің ашылуы өңірдегі спорт инфрақұрылымын жетілдірудегі маңызды қадамдардың бірі болды.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі жаңа кешеннің жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, бокстан КСРО чемпионаттарының екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Серік Өмірбеков пен ардагер тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді.