Шу ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, майдангерлердің рухына тағзым жасалды. Мерекелік жиын Т.Рысқұлов алаңындағы «Ешкім де ұмытылмайды» монументі жанында өтіп, оған аудан тұрғындары, ардагерлер, ақсақалдар кеңесінің өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысында жанқиярлық танытқан жауынгерлердің рухына арнап гүл шоқтарын қойды. Бұл — ел тыныштығы мен бейбіт өмір жолында құрбан болған боздақтарға көрсетілген зор құрметтің белгісі.