Адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына - 81 жыл. 9- мамыр жеңіс күні Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғанғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұл күн өшпес ерлік пен елге деген адалдықтың, бейбіт өмір мен бостандық үшін күрескен ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігінің мәңгілік символы. Жамбылдықтар баршаны жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерді ардақтақтап, құрметтеуге шақырды.