Бүгін Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда әкімдікке қарасты бірқатар басқармалардың атқарылған жұмыстарының есебі тындалып, өзекті мәселелер назарға алынды.

Қоғамдық кеңесте тындалған бірінші басқарма сәулет және қала құрылысы болды. Жауаптылардың сөзінше облыста барлығы 357 елді мекен бар. Қала көлемі де кеңейіп, халық саны да күннен-күнге артуда. Сондықтан тиісті проблемалар да баршылық. Осы орайда, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері халық тарапынан ұсынылған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.