Ана – мейірімнің бастауы, отбасының шуағы, қоғамның тірегі. 12 мамыр - аналар күні. Бұл күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Осыған орай қаламызда ерекше форматтағы «Жүрек көзімен көретін ана» атты инклюзивті кеш ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана өткізген шарада көру қабілеті шектеулі аналар өз өнерлері мен өмірге деген құлшыныстарын көрсетті.

Байқау барысында Қатысушылар тактильді тапсырмалар орындап, шығармашылық қабілеттерін паш етіп, бесік жырын орындау арқылы ана жүрегінің мейірімін көпшілікке сезіндірді. Бұл жарыста жеңілген жан болмады. Аналар мерекесіне орай ұйымдастырушылар барлық қатысушыға арнайы номинациялар табыстап, сый-сияпат жасады. «Ең сезімтал ана», «Ең өнерлі ана», «Ең шебер ана» секілді аталымдар арқылы әр ананы марапаттады.