Таразда ерекше форматтағы тартысты дода өтті. Бұл жолы жарыс алаңында тек оқушылар емес, олардың ата-аналары да білім бәсекесіне бірге түсті. Интеллектуалды сайысқа жиналған отбасылар логика, жылдамдық және білім деңгейі бойынша өзара кім мықтыны анықтады.

Республикалық деңгейдегі байқауға еліміздің бірнеше қаласынан 55 отбасы арнайы келген. Қатысушылар математика, ағылшын тілі, логикалық тапсырмалар мен кітап оқу бойынша сынға түсті. Кей кезеңдерде балалар ата-анасына сүйенсе, енді бір сәтте үлкендер баласының тапқырлығына таңғалды.