Әлеуметтік желіні Жамбылдың қызғалдағы жаулап алды. Табиғаттың таңғажайып сыйы таспаланған әрбір түсірілімдерді кемінде мыңдаған көрермен көргенін көруге болады.
Мамырдың басында бүр жарып, небәрі екі апта ғана құлпыратын қызғалдақ биыл да көпшілікті тәнті етті. Осы маңдағы ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы жылдары табиғи алқаптардың аумағы әлдеқайда ұлғайған.