Отан қорғаушылар күніне орай Меркі ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға аудан әкімдігінің өкілдері, полиция қызметкерлері, аудан прокуроры, сондай-ақ тұрғындар мен әскери қызметшілер қатысты.
Салтанатты шара Мемлекеттік Тудың сахна төріне әкелінуімен басталып, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Жиын барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне ерекше тоқталды.Бұдан кейін аудан әкімі бірқатар азаматтарды «Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.