Бүгін Таразда көліктегі полиция бөлімінің ұжымы соғыс ардагері Иван Макеевті құттықтады. Қарт майдангерге сый-құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік жиында ең алдымен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.