Тараздағы мектеп асханаларында азық-түлік сертификатқа сәйкес емес. Мәселен, құжатта азық-түліктің бір түрі жазылған болса,іс жүзінде мүлдем басқа.Сондай-ақ, сай емес тауар түрлері анықталған. Бұл туралы Қоғамдық кеңес тарапынан жүргізілген мониторингтік зерделеу және сараптамалық талдау нәтижелері бойынша жиында айтылды.

Мәселен, қаладағы білім ордаларында жеткізілетін азық-түліктің сапасын растайтын сертификаттардың білім бөлімінде болмауы анықталды.Тіпті, мектептердің асханаларындағы азық-түліктің кейбір құжаттары мүлдем жоқ.Жауапты мамандар бұл құжаттардың тендерлік рәсім талаптарының тізбесіне енгізілмегендігін айтады. Себеп азық-түлік сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізілмен.Сондай-ақ, тағамның сапасы мен құнарлылығына қатысты кемшіліктер бар.Астың құндылығы мен сапасын анықтау мақсатында құзырлы орган өкілдері сынамалар алып отыруы қажет.Алайда санитарлық талаптарға сәйкестігіне талдау жұмыстары жүргізілмеген.