Жеңістің 81 жылдығына орай ерекше әскери патриоттық жоба бастау алды. Жас ұрпаққа отансүйгіштік рух дарытып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кезекті «Жас сақшы» сыныбы ашылып, оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады.
Жоба Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу. Сонымен қатар, оқушыларды болашақта құқық қорғау және әскери сала мамандықтарына бағыттау көзделген. Арнайы сыныпта алғашқы әскери даярлық, саптық дайындық, құқық негіздері бойынша сабақтар өткізіліп, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.