Ізгілік, құрмет, тағзым. Бұл біздің кешегі жеңіс жолында майдан кешіп, азаттық үшін ерлік көрсеткен батыр бабаларға ықыласымыз. Биыл Ұлы Жеңіске - 81 жыл. Қан майданда Отан үшін соғысып, еліміздің болашағы үшін күрескен батырларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Бүгін соғыс ардагері Шалданбай Шанбаевтың үйіне ерікті жастар тазалық жұмыстарын жүргізіп, құрмет көрсетті.
Шалданбай Шанбаев 1942 жылы небәрі 18 жасында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданынан соғысқа аттанған. Қазіргі ұрпақтың тыныш ұйқысы, жарқыраған күлкісі үшін жеңіс жолында ажалмен арпалысып, басын бәйгеге тіккен батыр. Ол Сталинград түбіндегі шайқаста саз кешкен қиын сәттерді есіне түсіріп, өзін құттықтап келген мектеп оқушыларына ақ батасын берді.