Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақанов туған жеріне келді. Ел ағасын Тараз әуежайында жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алды. Сазгер, суретші, музыкатанушы әрі жазушыға құрмет көрсетіп, ізгі тілектер айтылып, ән-жырдан шашу шашылып, қазақи дәстүрге сай, бауырсақ ұсынылды.
Тараз әуежайында ерекше атмосфера. Ілия Жақановты Жамбыл жұртшылығы халық әндері мен сазды шығармаларымен қарсы алды. Туған жеріне табан тіреген тұлғаның облыс тұрғындары үшін алар орны ерекше. Ілия Жақанов – қазақ руханиятының биік шыңында тұрған, саз арқылы ұлттың жанын сөйлеткен бірегей тұлға. Оның шығармалары талай ұрпаққа рухани азық болып, қазақ мәдениетінің алтын қорынан өз орнын алған.