Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі 2006 жылы ашылған болатын. Қазір мұнда 13 спорт түрі бойынша 50 жаттықтырушы балаларға дәріс береді. Спорт мектебінің бүгінгі жай-күйі, балалардың жетістігі қандай? Бұл жөнінде бүгінгі өткен баспасөз конференциясында толығырақ айтылды.
№8 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 2025-2026 оқу жылында 1460 бала білім алады. Оларға сапалық құрамы жақсы жасақталған жаттықтырушылар дайындық жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетуге сеп болуда. Мәселен, 2025 жылы 1083 спортшы жарысқа қатысып, соның 379 жүлделі орындар алған. Жауаптылардың сөзінше, оқу орнының материалдық жағдайы толық жасақталған. Қазір мекеме теңгерімінде 5 спорт нысаны бар.