Қордай ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл күні ардагерлерді құрметтеу мақсатында майдангерлер стелласына гүл шоқтары қойылды. Шараға аудан әкімдігінің өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Мәңгілік алау – өткеннің естелігі ғана емес, ел алдындағы жауапкершілік пен бейбітшіліктің қадірін ұрпақ санасына сіңіретін маңызды нышан. Салтанатты шара барысында қатысушылар 1941–1945 жылдардағы соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.