Аналар қасіреті мен үмітінің символына айналған «Қара кемпір» бейнесі тағы бір мәрте ұлықталды. Меркі ауданына қарасты Қызылсай ауылында ел жадында сақталған Қали ананың ескі жұрты қайта жаңғыртылып, мемориалдық музей ретінде салтанатты түрде ашылды.
Қали ананың тағдыры – майданға аттанған қос ұлын өмір бойы күткен ананың үміті мен қайсарлығының көрінісі. Ол «қара қағазға» сенбей, перзенттері тірі деген сенімін соңына дейін жоғалтпаған. Бүгінде бұл бейне тек бір әулеттің ғана емес, тұтас ұлттың қасіреті мен төзімінің символына айналып отыр. Қызылсайдағы жаңа музей – сол тарихи жадыны жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа аманат ететін маңызды рухани орын.