Ұрпақтың жарқын болашағы үшін қара етікпен қан кешіп, ажалмен арпалысқан батыр бабаларымыздың ерлігі ұмытылмауы тиіс. Меркі ауданында да Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағзым шарасына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов пен ардагерлер және аудан жұртшылығы қатысты.

Жиналған жұрт алдымен сұрапыл соғыс жылдарында майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан соң, аудан әкімі Жеңіс күнінің ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, майдангерлердің ерлігімен қатар, тылда тынымсыз еңбек еткен азаматтардың қажырлы еңбегі де бүгінгі бейбіт өмірдің негізі