Таразда Жеңістің 81 жылдығына арналған ардагерлер арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Мерекелік рухта өткен тағылымды іс-шараға 21 командадан құрылған ардагерлер қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың негізгі мақсаты – тарихи жеңістің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, елге деген сүйіспеншілік пен батырлық рухты дәріптеу, ардагерлер ерлігін ұлықтау және патриоттық бағыттағы музыкалық өнерді кеңінен насихаттау. Өнер додасында қатысушылар патриоттық тақырыптағы әндерді жанды дауыспен орындап, орындаушылық шеберлік, дауыс мүмкіндігі, көркемдік мазмұн және сахна мәдениеті талаптары бойынша бағаланды. Сонымен қатар, түрлі форматта өнер көрсетуге мүмкіндік беріліп, байқаудың мазмұнын одан әрі байыта түсті. Мұндай байқаулардың ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел тарихына деген құрметті арттырудағы маңызын атап өтті.