Облыста жөл жөндеу науқаны жүруде. Жауаптылардың қысқы кезеңнен кейін пайда болған ақауларды жоюға бағытталған жұмыстары 2 айға созылмақ. Науқанның негізгі мақсаты – жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту және халықаралық әрі республикалық трассалардағы көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Жоспарға сәйкес жұмыстар 2026 жылдың 20 наурызы мен 20 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жолдарды қалпына келтіру аясында шұңқырларды жөндеу, жол жамылғысын қалпына келтіру, жол белгілерін орнату және ауыстыру, қоршауларды жаңарту, бағыттаушы бағаналарды қою, жарықтандыру және жол таңбаларын сызу жұмыстары қамтылған.