Шу ауданындағы «Балык Fest Shu» қоғамдық бірлестігі бүгінде өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға белсенді кірісіп отыр. Құрамында 28 мүшесі бар ұйымның негізгі мақсаты – аудан су айдындарында балық өсіруді жолға қойып, отандық өнім көлемін арттыру.
Қазіргі таңда елімізде балық шаруашылығын дамытуға айрықша мән берілуде. Осы бағытта 2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында 2030 жылға дейін өсірілетін балық көлемін 30 есеге арттырып, жылына 270 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсат су айдындарын тиімді пайдалану, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы орындалмақ.