Қордайлық кәсіпкер алма бағыннан жылына 2500–3000 тонна өнім алады. Италиядан арнайы алынған көшеттері бүгінде мол өнім беріп, еліміз бойынша сұранысқа ие болып отыр. Шаруашылық алманы жинайтын науқан барысында 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды.

Аудандағы «Азия Сад» серіктестігі «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы субсидия алған. Бүгінде баққа интенсивті әдіспен көшеттерін отырғызған. Аумағы 110 гектар алқапты алып жатқан бақта «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала» және «Фуджи» сынды алманың 4 түрі өсірілуде. Жеті жыл бұрын Италиядан арнайы алынған көшеттер қазір осы аймаққа жерсініп, мол өнім беруде.