Елде су тапшылығы болады. Сондықтан әр облысқа лимит енгізілді. Рұқсатсыз ешкімге бір тамшы артық су берілмесін. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деді. Әсіресе құрғақшылық қауіпі бар оңтүстік өңірлерді тіршілік нәрімен тұрақты қамтамасыз ету маңызды. Бұл орайда су үнемдейтін технологияларды белсенді енгізген абзал. Дәлірек айтсақ диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандыратын кешенді шараларды іске асыру керек. Жиын барысында Шардара су құбырының 1 шілдеге дейін дайын болатыны айтылды.