Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Тектұрмас» тарихи-этно мәдени кешенінде «Әділдік пен адалдық – біздің ертеңіміз!» атты флешмоб челленджі өтті. Іс-шараға студенттер мен белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, қоғамда әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Флешмоб барысында жастар арнайы қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, адалдық пен парасаттылықты дәріптейтін ұрандар айтып, бір мезетте би де биледі.