Республикалық маңызы бар ескі Күйік асуы биыл шілде айында пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда автожолдағы күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында айтылды.
Аталған жолда жоспар бойынша асфальт жабындылары төселіп, су өткізу құбырлары орнатылған. Қазіргі таңда аппаттық тұйықты және жол пайдалану пунктін салу жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Мамандар нысан толық шілде айында бітіп, пайдалануға беріледі дейді.