Таразда қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Тербеледі тың дала» атты ғұмырнамалық кешІ өтті. Ш.Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырған басқосуға жамбылдық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ілия Жақанов -қазақ ән өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар бірегей тұлға.Ол саналы ғұмырын ұлттық мәдениетті дамытуға арнап, қазақ музыкасының алтын қорына енген бірнеше ән жазды.Композитордың шығармалары нәзік лирикамен, халық жүрегінде ерекше орын алған. Сондықтан тағылымы мол кештің шымылдығы сазгердің әуезді әндерімен түрілді.