Қылмыссыз, арақсыз ауылды білеміз. Ал Жамбылда жұртты таңғалдырған ерекше елді мекен бар - мұнда байлықтың кілті банкте емес, қорада тұр! Сенесіз бе, тұрғындар түйе шаруашылығын дамытып-ақ, шұбат өндірісі арқылы тұрмысын түзеген. Бүгінде бұл мекеннің берекесі бозінгенмен бірге артып, атакәсіп табыстың көзіне айналған.
Ата кәсіпті жалғастырған жанның бірі Ербол Шәріпбаев. Ол сонау 1992 жылдан бастап ойсылқараны қарауға көшкен. Негізгі мамандығы биолог болғанымен, өмірін шаруашылыққа арнапты. Бүгінде қорасында 90-ға тарта түйе мен бота байлаулы. Екі мыңға жуық түтіні бар ауылдың өзінде түйемен айналысатын 100-ден аса шаруашылық бар.