Күн жылынып, шомылу маусымының басталатын кезең де алыс емес. Сәйкесінше, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау шаралары да күшейтіледі. Себебі, жаз мезгілінде жазатайым оқиғалар да аз болмайды. Осыған орай, төтеншеліктер Жедел-құтқару жасағымен және Апаттар медицинасы орталығымен бірлесіп мектеп оқушыларына қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңейтілген сабақ өтті.

Мамандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын жан-жақты түсіндірді. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар салғырттық пен қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеуден болатыны айтылды. Сабақтың басты мақсаты – балалардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауды үйрету.