Дәуір дамып, цифрлы жүйе дендеген сайын, ашықтық пен әділдік алдыңғы орынға шығып келеді. Мәселен жеке шотыңызға үш ай қатарынан 100 немесе одан көп адамнан ақша түссе, банктер бұл туралы бірден Кірістер комитетіне хабарлайды.

Бұл бақылау салықтан жалтарып жүргендерді анықтау үшін жасалып отыр. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмегендер айыппұл төлейді. Ескеретін жайт, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден аспаса, салық төлеуге ешкім мәжбүрлемейді.