«Кәсіподақтың жастар қанаты: рөлі, мүмкіндіктері және даму бағыттары».Осындай атаумен Тұрар Рысқұлов ауданында облыстық семинар өтті. Жиынға облыстың әр өңірінен келген кәсіподақ өкілдері мен жас мамандар қатысты. Семинарда жастар қанатының жұмысы, кәсіподақтағы жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары кеңінен талқыланды.

Семинар барысында жастардың кәсіподақ қызметіндегі белсенділігін арттыру, цифрлық дәуір мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу бағытында түрлі тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар TED форматындағы идеялар алаңы, психологиялық жаттығулар мен топтық жұмыстар өткізілді.