Жамбылдық бес ақ жаулықты «Ұлы Ана» атағына ие болды. Ана қадірін ұлықтап, отбасы берекесін бекемдеуге, ұрпақ тәрбиесі арқылы қоғамның рухани өзегін нығайтуға қосқан тағлымды үлесі үшін нәзік жандылар осындай медальмен марапатталды. «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты Халықаралық форумына келген қонақтар осы салтанатты сәттің куәсі болды. Сондай-ақ, «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтады.
Тараз шаһарға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген Аналар кеңесінің делегациялары алдымен «Анаға тағзым» орталығының ауласына раушан гүлін отырғызды.