Сарысуда "AMANAT" партиясы аудандық филиалының кезектен тыс 47-ші конференциясы өтті. Онда аудандық филиалдың жаңа төрағасы сайланып, биылғы жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстар сараланды. Сондай ақ алдағы мақсат-міндеттер мен жоба-жоспарлар айқындалды.

Конференция барысында алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар кеңінен талқыланды. Ашық дауыс нәтижесінде партияның аудандық филиалының жаңа төрағасы болып Ахан Шортанбай сайланды. Жауапты қызметке лайық деп танылған іскер азаматтың тәжірибесі мен біліктілігі ауданның дамуына серпін береді деген сенім бар.