Таразда «Аналар кеңесі: саналы қоғам – сапалы ұлт» атты Халықаралық аналар форумы бүгін де жалғасты. Ауқымды басқосуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген аналар кеңесінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың мүшелері қатысты. Форум барысында нәзік жандылардың мүддесін қозғайтын маңызды мәселелер көтеріліп, отбасы құндылықтарын сақтау, әйелдердің қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесі және рухани қауіпсіздік тақырыптары жан-жақты талқыланды.
Ұлт тәрбиесіндегі ананың ролі өлшеусіз. Ұлттың ұлылығы – ананың парасатымен өлшенеді. Мәселеге жауаптылардың басын қосқан бұл форумның мақсаты- ең алдымен саналы ұрпақ тәрбиелеудің жолын жұмылып қарастыру.