Үкіметтің ауылға деген көмегі көп. Соның бірі де, бірегейі «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Тиісті қаражатқа қол жеткізіп, мал басын арттырғандар қазір класстер жүйесін қалыптастырып, шикізатты терең өңдеуге де кіріскен.

Бүгінде үйінен сары майдан бастап, ірімшік пен құрт шығарып жатқан Күләш Босатова отбасылық бизнесті қолға алуына «Ауыл Аманаты» бағдарламасы сеп болған. 2024 жылы 7 милионға қол жеткізіп, 10 сауынды сиыр алған ол жолдасы екеуі «Бағым» атты шаруа қожалығын ашыпты. Алты баланың анасы, күміс алқа иегері енді бұл іске балаларын баулып жатыр. Қазір қолдан шығып шатқан табиғи таза, дәмі тіл үйіретін өнімдерге сұраныс жоғары,-дейді алтын құрсақты ана.