Бүгін Қазақстан мен Түркияның бизнес форумында 1,9 млрд доллардың келісімі жасалды. 19 құжатқа қол қойылды. Қазақстан енді логистика мен өндірістің жаңа орталығына айналуға қадам басты. Түркияның 1,9 миллиард долларлық келісімі —бұл жаңа зауыттар, жаңа жұмыс орындары және жаңа экономикалық бағыт. Сонымен елімізде қандай жобалар жүзеге асады? Инвесторлар қандай бағытқа қаражат құюға ниетті?

Түрік компаниясы Ақтөбе әуежайында ірі тасымалдау хаб салуға ниетті. Кәсіпкерлер Транскаспий орта дәлізін дамытуға да инвестиция құймақ. Ақтөбедегі тасымалдау хабы мен Құрықтағы кеме жасау жобасы Қазақстанның Транскаспий дәлізіндегі ықпалын күшейтіп, елді Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі көпірге айналдыруы мүмкін.