Бүгін Таразда «Senat Open» ІІІ Ашық кубогының кезекті кезеңі өтті. Шахмат турниріне облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 160 қа жуық ойыншы қатысты. Ақыл-ойды талап ететін сайысқа ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жианлып, бақ сынады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жарыстың ширек финалына 160 қа жуық шахматшы жеткен. Алғашында тек депутаттар мен қоғам қайраткерлері арасында өткен дода биыл ауқымын кеңейтіп, 7 бағыт бойынша ұйымдастырылуда. Сайысқа ардагерлер, полиция қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері және өзге де сала мамандары қатысып жатыр.