Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылдық округінде «Өмірімді өрнектеген – музыка» атты әсерлі өнер кеші өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Кеш барысында мектептің жас өнерпаздары ән шырқап, түрлі музыкалық композициялар орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнер кешін музыка пәнінің мұғалімі Гүлжан Еркінәлиеваның жетекшілігімен мектеп өнерпаздары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермен қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, сахналық қойылымдар қойылып, кеш мазмұнын тереңдете түсті. Әсіресе екі жүзден астам оқушыдан құралған мектептің үлкен хор ұжымы көпшіліктің зор ықыласына бөленді.