Бұзақылық жасап, бір-біріне пышақ ала жүгіретін жастарды жие естіп жүрміз. Кей жағдайлар тіпті адам өліміне дейін ұласып жатыр. Биыл Жамбыл облысының полицейлері жыл басынан бері шамамен 3,5 мың пышақ пен кастетті тәркілеген. Бұл деректер өңірде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында анықталған.
Мұндай заттар көбіне құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың құралына айналған. Әсіресе, адамдар көп жиналатын орындарда, түнгі уақытта және тұрмыстық жанжалдар кезінде қауіп күшейеді. Сондықтан облыста, қоғамдық орындардағы тексерістерге, профилактикалық жұмыстарға және жастар арасында түсіндіру шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен алып жүру қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Ал оларды қолдануға бағытталған кез келген әрекетке заң аясында қатаң тосқауыл қойылған.