Қарызды қайтаратын уақыт келді. 1 сәуір — көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі еді, алайда Жамбыл облысындағы мыңдаған көлік иелері өз міндеттемелерін әлі күнге дейін орындамаған. Бюджет алдындағы берешек көлемі қомақты сомаға жетті. Енді іске фискалдық органдар кірісті. Жамбыл облысында «Борышкер-2026» рейдтік іс-шарасының кезекті кезеңі басталды.

Жамбыл облысының жеке тұлғалары мемлекетке шамамен бір миллиард жеті жүз миллион теңге қарыз. Осы қаржыны жергілікті бюджетке қайтару мақсатында өңірде «Борышкер-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жол бойындағы тексерулер күн сайын жүргізілуде. Егер сіздің атыңыз «қара тізімде» болса — сол жерде-ақ айыппұл төлеуге дайын болыңыз.