Бүгін халықаралық отбасы күні. Бұл мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Өңірде көпке үлгі өнегелі отбасылардың қарасы қалың.Ауызбіршілік пен сыйластық салтанат құрған шаңырақтың бірі Жамбыл ауданындағы үлгілі Дайрабековтер әулеті.

Бұл әулеттің түтіні түтеп келе жатқанына 20 жылдан асқан. Бүгінде олар төрт перзент тәрбиелеп отырған берекелі отбасы. Отағасы мен отанасы үшін отбасының басты құндылығы – өзара құрмет пен түсіністік. Айбек ағамыз бен Фарида анамыз алғаш рет Алматы қаласында танысқан.Жылдар өтсе де ерлі-зайыптылар сол кездегі ыстық сезім мен сыйластықтың бүгінге дейін сақталғанын айтады.