Жамбыл облысында кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес өкілдерінің мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар күшейтілмек. Осыған орай, бүгін АМАNАТ партиясы облыстық филиалы жанындағы «Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі өңірлік үйлестіру» кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері, мәслихан депутаттары мен өңір кәсіпкерлері қатысты.Кеңес отырысында шағын және орта бизнестің өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.