Халықаралық отбасы күніне орай бүгін Тараздағы саябақтар мен мәдени орындарда отбасылық құндылықтарды дәріптейтін түрлі мерекелік іс-шаралар өтті. Басты мақсат – отбасы институтын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттыру.

Отбасы күніне арналған іс-шаралар Қайрат Рысқұлбеков саябағында өтті. Көпшілікке отбасы құндылықтарын насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шығармашылық мектеп оқушылары «Менің отбасым» тақырыбында сурет салып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.