Бүгін аймаққа Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында вице-министр жамбылдықтармен кездесті. Халықтың талап-тілегін тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді.

Көптің көкейінде жүрген, неше жылдан бері айтылып келе жатқан Жамбылдағы үлкен мәселенің бірі «Қазфосфат» зауытынан шығатын қара түтін. Минералды тыңайтқыштар кәсіпорын аумағынан шығатын түтіннің экологиялық мәселесін қалай шешеуге болатынын жеткізді.