Арда туған азаматты ардақтап, есімін дәріптеу елдің іс. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер, журналист, ұлт жанашыры Мейрамбек Мылтықбайұлын жамбылдықтар еске алды, елі үшін еткен еңбегін насихаттады. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университетінде республикалық конференция өтті.
Мейрамбек Төлепберген. Қаламымен де, қайраткерлігімен де танылған тұлға. Қарапайым құрылысшыдан бастап, Парламенттің төріне дейін көтерілген жан. Өмір жолындағы белестерге ол өз бейнетімен жетті. Конференцияда мәртебелі меймандар Елордадан, Парламент қабырғасынан жеткен Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың хатын Мейрамбек Мылтықбайұлының жарына табыс етті.