Өмірі өнермен өрілген Ілия Жақанов – 90 жаста. Белгілі композитордың мерейтойына орай Тараз төрінде салтанатты кеш өтті. Құрметке бөленіп, қошеметке кенелген өнер өлкесінің өкілін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы құттықтап, жамбылдықтардың атынан жүрекжарды лебізін жеткізді.

Ілия Жақанов — қазақ ән өнерінің алтын қорына енген көптеген туындылардың авторы, ұлттық мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосқан талантты тұлға.